жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ
Отбасы күні

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай, музейміздің қызметкері К. Ш. Омарова өзінің отбасымен "Отбасы ағашы" акциясына белсене қатысып, көшеттер отырғызды

"Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте" жылжымалы көрме

Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газетінің Хромтау ауданындағы күндеріне орай, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі "Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте" тақырыбында жылжымалы көрме жасақтап, экскурсия жүргізді.

Ақтөбе облысына 90 жыл

Ақтөбе облысының 90 жылдығына және қала күніне орай, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі Авиақалашықтағы "Авиатор" саябағында "Қазыналы Хромтаудан Ақтөбеге" жылжымалы көрмесін жасақтап, экскурсия жүргізді.

Қазақстан-қызғалдақтың отаны

Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен, «Балалар жылына» орай және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы​ аясында,​ ​Қызылсу елді мекенінде «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» тақырыбында танымдық шарасы өткізілді.

"Қазыналы Хромтау" Мүзей түні жылжымалы көрме

18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен "Музей түні-2022" акциясы аясында Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі "Қазыналы Хромтау" тақырыбында жылжымалы көрме жасақтап, келушілер назарына ұсынды.

Жылжымалы көрме

№6 Хромтау гимназиясында, «Ақтөбе облысының киелі географиясы» ұжымдық монографиясы еңбегін Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Байтанаев таныстырды.

«Азаттықты аңсаған азаматтар»

Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінде, №6 Хромтау гимназиясының 8 класс оқушылары мен тарих пәні мұғалімі Д.Карагулованың қатысуымен «Азаттықты аңсаған азаматтар» тақырыбында көрме жасақталып, экскурсия жүргізілді.

“Жүрек жылуы” қайырымдылық акциясы

Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен "Балалар жылы" және 18 наурыз - игі істер күніне орай “Жүрек жылуы” қайырымдылық акциясы аясында, Хромтау ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу орталығының балаларына сыйлық табысталып, Наурыз мерекесімен құттықтады.