Ауған соғысының куәгерлері
Ауғанстан территориясынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Ауған соғысының куәгерлері" тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Шараға ауған соғысының ардагерлері ағайынды-егіз Әлжан Төлегенұлы, Әділжан Төлегенұлы, Мұрат Жұмағалиұлы және Хромтау тау-кен техникалық жоғарғы колледжінің І курс 106 топ студенттері мен военрук Ж. М. Базарбаев қатысты. Шара барысында "Отты жылдар" тақырыбында көрме жасақталып, экскурсия жүргізілді

