Хромтау ауданы өз атауын 1993 жылдың 23 мамырда ие болғанына 30 жыл толуына орай, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жер -судың аты - тарихтың хаты» тақырыбында тарихи-танымдық дөңгелек үстел өтті. Географиялық нысандарға бай өлкемізде жер - су атаулары туралы айтылды. Әлі де зерттеуді қажет ететін жер- су атауларының тарихына тоқталып, шараға қатысқан ғалымдардың зерттеу еңбектері тыңдалып ой бөлісті. Шараға Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жайлыбай Абай Санжарұлы, «Хромтау қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маман Құралбаева Гульфара Сертаевна, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Хромтау аудандық филиалының төрағасы Айбол Сағынжанұлы, №7 Хромтау мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Жетесов Нұртай Алмасұлы, Хромтау мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімдері, Хромтау тау -кен техникалық жоғары коледжінің студенттері қатысты.
Шараға арнайы Ақтау,Атырау,Ақтөбе өңірлерінен келген қонақтар: С.Баишев университетінің кеңесшісі,философия ғылымының докторы,профессор Бекежан Ахан, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы,шежіреші,ақын Қаржаубай Рейімбайұлы. Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі Жәнібек Қаржауұлы Таттыбаев, «Ұлы дала батырлары» қоғамдық ұйымының төрағасы Айдар Қонысбайұлы, ақын, жазушылар одағының мушесі Отаров Талғат Тілеулесов қатысып, өлкеміздегі Ақпансай, Ақпантөбе жер-су атауланының тарихы туралы деректермен, мол мәліметтермен бөлісті.

