«Азаттықты аңсаған азаматтар»
Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінде, №6 Хромтау гимназиясының 8 класс оқушылары мен тарих пәні мұғалімі Д.Карагулованың қатысуымен «Азаттықты аңсаған азаматтар» тақырыбында көрме жасақталып, экскурсия жүргізілді.
Шара барысында оқушыларға «Саяси қуғын –сүргін құрбандары атылған жерлер, ашаршылық құрбандары жерленген қорымдар мен көтеріліс өткен орындар» картасымен және Хромтау өңірінің саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұрағат құжаттары көшірмелерімен таныстырылды.

