жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Мүсінші Керей Жұмағазинге арналған дөңгелек үстел

18 мамыр-Халықаралық музей күні мерекесінде, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі аудандық орталықтандырылған кітапханамен бірлесіп, жерлесіміс мүсінші Керей Жұмағазинге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері А. У. Тоқтабайдың "Орта Азия қазақтарының киелі жерлері" атты кітабы таныстырылды. Шара барысында К. Жұмағазиннің туысы Назымгүл Әбдірешқызы мүсіншінің өмірбаяны мен заттай деректерін таныстырып, музей қорына кітаптарды сыйға берді