жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Жылжымалы көрме

№6 Хромтау гимназиясында, «Ақтөбе облысының киелі географиясы» ұжымдық монографиясы еңбегін Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Байтанаев таныстырды.

Шара барысында Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі, Хромтау ауданының атақты тұлғалары мен аудан аумағындағы тарихи-табиғи ескерткіштеріне қатысты жылжымалы көрме жасақтап, экскурсия жүргізді. Музей директоры Нұргүл Жолмұратқызы «Өлке тарихы» тақырыбында баяндама оқыды.
Шараға Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Байтанаев, ҚР журналисттер одағының мүшесі Беркінбаев Арынғазы, өлкетанушы Култаев Баянғали, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті тарих ғылымдарының кандиданты Әбенов Дәулет Құсайынұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдуллаев Нұртаза қатысты.
«Ақтөбе облысының киелі географиясы» ұжымдық монографиясына 116, оның ішінде 38 археология, 56 этнография және 22 табиғат нысандарына қатысты деректер енгізілген.