жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Қазақстан-қызғалдақтың отаны

Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен, «Балалар жылына» орай және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы​ аясында,​ ​Қызылсу елді мекенінде «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» тақырыбында танымдық шарасы өткізілді. Шараға №7 Хромтау мектеп-гимназиясының тарих пән мұғалімі Р.А.Биржанов, Қызылсу орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Биржанова, класс жетекшісі Т.М.Жақсыгелдина, медбике Қ.Бектұрғанова, биология пәні мұғалімі​ К.Ж.Курмангалиева, №7 Хромтау мектеп-гимназиясының 6 класс оқушылары мен​ Қызылсу орта мектебінің 8-10сынып оқушылары қатысты. Шара барысында музей директоры Н.Ж.Амангалиева ​ Қызылсу орта мектебі жанынан ашылған музейге экспонаттарды сыйға тапсырды.