жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Есімі есте қалар тұлға" тақырыбында жылжымалы көрме

2024 жылы 26 қаңтар күні, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Республикасы әскери ғылымдардың докторы, профессор Ким Серікбаевтың 90 жылдығына орай, Ақжар ауылы, Ақжар  орта мектебінде ұйымдастырылған арнайы шараға "Есімі есте қалар тұлға" тақырыбында жылжымалы көрме жасақтап, оқушылар назарына ұсынды.  Көрмеге Ким Серікбаевтың отбасылық суреттері, құжаттарының көшірмелері, қол таңбасы қойылған кітаптары, «Ұлт болмысы» журналы, өзі киген  әскери киімі қойылды. Шараға Ақжар ауылдық округінің әкімі Б.Ж. Дүйсенбин және мектеп директоры М.А. Жухин, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Меңдібаев, «Жас сарбаз» клубының оқушылары, «Ғасырлар үні» үйірмесінің шәкірттері, мектеп оқушылары мен ұстаздары  қатысты.