Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінде домбыра күніне орай, Күй төресі Қазанғаптың шәкірті, күйші Мақаш Бектіғұловқа арналған танымдық шарасы өтті. Шараға аудан ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында музей қорында сақталған домбыралардан тақырыптық көрме жасақталып, экскурсия жүргізілді.
Шара қонағы Байменов Айжан Мұхамбетұлы А.Жұбановтың "Би күйін" орындаса, Қазанғап Тілепбергенұлының күйлерін шебер орындаушылардың бірі күйші, сазгер, ұстаз Ысқақ Райымбергеновтың шәкірті Серік Ізтілеуұлы домбыра, мандолина аспаптары туралы ақпаратпен бөлісті.

