31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Өткен ғасырдың 20-50жылдары аралығында жазықсыз жазаланып, өміремен қоштасқан қазақ халқының қаймақтары мен ұлт зиялыларын еске алу күнінде қаламыздағы Жеңіс аллеясының бойынан құрбандарға арналған монумент тұрғызылды.
Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі "Шоқтығы биік тұлғалар" тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырып, көпшілік назарына ұсынды.

