жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«Қуғын-сүргін құрбандары-Алаш жұртының зиялылары...» шарасы

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің бекітілгеніне (1997-2022жж) 25 жыл толып отыр. Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті.

Осыған орай, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі мен аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен «Қуғын-сүргін құрбандары-Алаш жұртының зиялылары...» тақырыбында шара өткізілді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары М.Р.Қабыл, аудан ардагерлері, №7 мектеп-гимназиясының тарихшысы Н.А.Жетесов, №5 Хромтау гимназиясының оқушылары мен Хромтау тау- техникалық жоғарғы колледжінің студенттері, кітапхана, архив қызметкерлері қатысты. Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына құран бағыштады.
Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Рақымжанұлы сөз сөйлеп, «Ақтөбе өңіріндегі кеңістік қуғын-сүргін зобалаңы» кітабының І-ші бөлімін музейге сыйға тапсырды.
Музейден «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» тақырыбында көрме жасақталып, көрермендер назарына ұсынылды