"Киіз үй - Ұлы дала өркениеті" тақырыбында жылжымалы көрме
22 Наурыз - Ұлыстың Ұлы күнінде дәстүрдің жарқын жалғасына айналған «Киіз үй - Ұлы дала өркениеті» тақырыбында, орталық алаңда қазақ халқының этнографиялық бұйымдарынан Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің жылжымалы көрмесі жасақталды.
Аталмыш көрмені Хромтау ауданының әкімі А.Бекет, және алаңға жиналған қала қонақтары мен тұрғындары қызыға тамашалады.

