"Қазақтың ұлттық тағамдары" тақырыбында шара өткізілді
"Ұлттық тағамдар күніне" орай, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінде халқымыздың ұлттық тағамдары мен салт–дәстүрлерін насихаттау мақсатында "Қазақтың ұлттық тағамдары" тақырыбында шара өткізілді.
Шара барысында "Ақ дастархан" тақырыбында ұлттық тағамдардан жасалған көрме музей қонақтарына ұсынылып, дәм татылды. Музей директоры Н. Ж. Амангалиева Наурыз көже, сүзбе, уыз, қазы-қарта, құрт, жент, т. б. тағамдар туралы баяндаса, қор сақтаушы К. Ш. Омарова майсөк, табанан тағамдарының жасалу жолдарын көрсетсе, кіші ғылыми қызметкер Л. К. Жолдыбаева құйрық-бауыр асату дәстүрі туралы ақпаратпен таныстырды.

