«Ұлттық спорт» күні
2024 жылы 20 наурыз - күні, Наурыз мейрамын тойлауға бағытталған «Наурызнама» апталығы аясында, «Ұлттық спорт» күніне орай, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны өткізілді. Шараға №3 Хромтау орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, асық атудан облыс чемпионы, Республикадан мұғалімдер арасында спартакиада чемпионы ІІІ орын иегері Надежда Жақсылыққызы, аудан чемпиондары Тұралы Дильназ, Аблайханова Жамиля, Нұрғалиева Дина, Сейтжапар Сағыныш қатысты. Шара барысында асық ойынының шығу тарихы және оның ережелері таныстырылды.

