жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Батыр ағаның шапағаты" Ким Серікбаевтың туғанына 90 жыл

2024жылы 28 ақпан күні, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен әскери қайраткер, полковник, жерлесіміз Ким Серікбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Батыр ағаның шапағаты» тақырыбында тарихи-танымдық шара өткізілді. Шара барысында Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі қорынан «Есімі есте қалар тұлға» тақырыбында жылжымалы көрме жасақталып, экскурсия жүргізілді. Тарихи – танымдық шараға Ким Серікбаевтың туысқандары Дербисалина Алтынай Куанышевна, Калдыгулов Серик Тажикович, Қорғаныс Істері жөніндегі департаментінің ардагерлері мен жұмыс жөніндегі бөлімінің қызметкерлері Б.Ж.Магауин және ардагер Б.С.Султанов, полиция департаментінің қызметкерлері, М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің әскери кафедрасының курсанттары, Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің студенттері, М.Арын атындағы ҚҚОМ оқушылары мен музей қызметкерлері қатысты