жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Жан жарасына айналған Ауғанстан" жылжымалы көрме

2024жылы 15 ақпан күні, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан территориясынан шығарылғанына 35жыл толуына орай,  Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі «Кеншілер» мәдениет үйінде ұйымдастырылған аудандық шараға "Жан жарасына айналған Ауғанстан" тақырыбында  жылжымалы көрме жасақтап, келушілер назарына ұсынып, экскурсия жүргізді. Көрмеге ауған соғысы ардагерлерінің тұтынған бұйымдары, фотосуреттері, төсбелгілері мен құжаттары, ауған соғысына арналған кітаптар қойылды.