2024жылы 14 ақпан күні, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан территориясынан шығарылғанына 35жыл толуына орай, "Ауғанстан біздің жадымызда" тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Шараға ауған соғысы ардагерлері А. Т. Кужбанов, М. Ж. Беляшев және №3 Хромтау орта мектебінің 10 класс оқушылары, тарих пәні мұғалімі Д. Е. Иманбаева қатысты. Шара барысында «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында дәріс оқылып, "Жан жарасына айналған Ауғанстан" тақырыптық көрмесіне экскурсия жүргізілді.

