Біз туралы
«Музей» сонау антикалық дәуірлерден келе жатқан ұғым. Ежелгі Римде музей сөзі «музалар ғибадатханасы», «естелікті сақтаушы», «көне құндылықты сақтайтын орын» деген мағананы білдіреді. Музей - ел тарихының қазынасы, халық мұрасының тұғыры. Тарихты игеру ең әуелі туған өлкесін танудан басталады.Өйткені, әрбір адам өзі өскен жерін, қоршаған ортасын, сол жерде еңбек етіп, елін, жерін қорғаған ата-бабасын танымайынша Отаншыл, елшіл, азамат болып қалыптасуы екіталай. Халқымыздың асыл рухани мұраларын жинап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырыған, Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі – өлке тарихын сақтап, тарихи-мәдени насихат жұмыстарын атқарып отыр. Музей 2005 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ашылды.